Әлемнің көптеген елі коронавирустың жаңа түрі - B.1.1.529 (Omicron) штамына байланысты Оңтүсік Африка елдерімен әуе қатынасты тоқтатып, сол елдерден келгендердің кіруіне шектеу қойды. Ал сенбіде Ұлыбритания Omicron штамына байланысты G7 елдерінің Денсаулық сақтау министрлерін жинап, шұғыл кездесу өткізді. Omicron қандай штамм? Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының баяндамасында коронавирустың жаңа түріне қандай анықтама берді?
Omicron қайдан шықты?
ДДҰ ұйымының хабарлауынша, қазір бұл штамм Оңтүстік Африканың барлық өңірінде тарап жатыр. Елдің Денсаулық сақтау департаментінің хабарлауынша, тұғындардың 36%-ы вакцина алған. Сонымен бірге онда кейінгі күндері вакцина салдырушылар саны сиреген. Omicron штамы қазірге дейін Нидерланд, Дания, Бельгия, Ботсвана, Германия, Гонконг, Израиль, Италия, Ұлыбритания және Аустралиядан табылған. Соған байланысты көптеген ел африкалық елдермен әуе қатынасын тоқтата бастады және ол жақтан келгендердің кіруіне тыйым салды. Олар: Ресей, АҚШ, Германия, Израиль, Ұлыбритания, Сингапур, Бахрейн, Нидерланд, Италия, Марокко, Франция, Чехия, Аустрия, Малайзия, Сауд Арабиясы, Швейцария, Түркия, Канада, АҚШ, БАӘ, Аргентина, Египет, Аустралия, Венгрия, Оңтүстік Корея, Жапония, Грекия, Румыния, Грузия, Кувейт және Иран.Бұл штамм туралы БҰҰ қандай мәлімет таратты?
Коронавирустың B.1.1.529 штамы Африканың оңтүстігінен табылғаны туралы ұйымға 24 қарашада хабарланған. Жаңа коронавирус түрі ең бірінші студенттерден табылған. Оған ДДҰ Omicron деген атау берді. Ұйымның мәлімдеуінше, вирустың бұл түрінде бірнеше мутация бар. Ғалымдар бұл мутациялар штамды неғұрлым трансмиссивті етіп, иммунитетті әлсіретеді. Ол әлі толық зерттелмесе де, алаңдауға негіз бар. Ғалымдар қазір оның вакцинаға әсерін, қаншалық қауіпті екенін және қаншалықты тез таралатынын зерттеп жатыр. Мысалы, Delta штамы иммунитеті төмен ағзаларға өлім қатерін туғызатыны айтылса, қазір Omicron-ның да мұндай топтарға қалай әсер ететіні зерттеліп жатыр. [caption id="attachment_173031" align="aligncenter" > Оңтүстік Африканың Квазулу-Натала қаласындағы эпидемияға қарсы әрекет және инновация орталығы. Фото: CNN[/caption] Дегенмен, бұл штамм трансмиссивті болуы мүмкін деген болжамға қарағанда, оның да күші Delta-дай болуы мүмкін, дейді америкалық доктор Ашиш Джа CNN-ге берген сұхбатында. БҰҰ-ның алдын ала мәліметі бойынша, Omicron штамын қайта жұқтыру қаупі жоғарылауы мүмкін. Мысалы, басқа штамдармен салыстырғанда, бұрын COVID-19-дан зардап шеккен адамдар Omicron-ды оңай жұқтыруы мүмкін. Бірақ бұл туралы да ақпарат аз екенін жазған.Вакциналардың тиімділігі қандай?
ДДҰ хабарлауынша, бұл нұсқаның вакцинаға әсері әлі зерттеліп жатыр. Десе де, ұйымның баяндамасында вакцина әлі де коронавирустан болатын өлім қаупін азайтатын және аурудың асқынуына қарсы тұратын тиімді шешім болып қала беретіні жазылған. Соның ішінде Delta-ның таралуын азайтады. Баяндамада ПТР сынамалары Omicron-мен қоса басқа да нұсқаларды анықтай алатыны жазылған. Бірақ антиденені және басқа да нұсқаларды анықтау сынамалары әлі де зерттеліп жатыр. Ал ауыр халдегі COVID-19 пациенттерін емдеуде әлі де кортикостероидтар мен IL6 рецепторларының блокаторлары тиімді екені жазылған. Omicron нұсқасындағы вирустың кейбір бөлігіндегі өзгерістер ескеріліп, олардың қаншалықты тиімді екеніне көз жеткізу үшін басқа емдеу түрі зерттеліп жатыр.БҰҰ адамдарға қандай кеңес берді?
COVID-19-дың таралуын азайту үшін кез келген адам жасай алатын ең тиімді әрекеттер: 1 метр арақашықты сақтау, бетперде кию, бөлмені жиі желдету, қолды жиі жуу. Сонымен бірге терезесі ашылмайтын бөлмелерге кірмеуді ұсынды. БҰҰ өлім және аурудың асқыну қатерін болдырмау үшін вакцина алудың жөн екенін де ескерткен.