Моншада алтын сырға ұрлаған 61 жастағы әйел ұсталды  
Моншада алтын сырға ұрлаған 61 жастағы әйел ұсталды  
Фото: tirshilik-tynysy.kz
156
оқылды

Сырғасы жоғалған тұрғын полицияға шағымданды. Қарағанды қаласының ПБ Оңтүстік-Шығыс полиция бөліміне 51 жастағы қала тұрғыны арызданған.

Жәбірленуші моншаға барып, үйіне келгенде алтын сырғасының жоғалғанын білген. Келтірілген шығын көлемі – 120 мың теңге. Жедел іздестіру нәтижесінде, полицейлер ұрлық жасады деген күдікпен моншада жұмыс істейтін 61 жастағы әйелді ұстады.

Күдікті қылмысын мойындады. Айғақ зат алынды. Қылмыстық кодекстің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр.