Қазақстанда қайыршы қанша айыппұл төлейді?
Қазақстанда қайыршы қанша айыппұл төлейді?
Фото: stopfake.org
258
оқылды

Полицейлер 22 қараша мен 1 желтоқсанда аралығында «Stop-трафик» іс-шарасын өткізіп жатыр.

Мақсат – адам саудасына байланысты қылмысты анықтау, жолын кесу, ашу. Рейд барысында полицейлер ҚР ӘҚБтК 449-бабы (Қоғамдық орындарда тиісу) бойынша 76 хаттама толтырды.
СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Марат Жұмалиев: «Тиісу ұғымына қоғамдық орындарда заттарды өзгеше тәсілмен сатып алу, сату, айырбастау немесе иемдену мақсатында кәсіпкерлік субъектісі емес адам жасаған, сондай-ақ бал ашу, қайыршылық, сексуалдық сипатта немесе өзге де қызмет көрсетуді күштеп таңу мақсатында тиісу, яғни мазалап өтініш білдіру кіретінін еске саламыз. Қайыршылық та құқық бұзушылық болып саналады. Заң бойынша бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салу түріндегі жазаны қарастырады, – дейді.

Бұған дейін Қазақстанда көшелер қайыршыға толғанын жазған болатынбыз.