Үкімет отырысында Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов коронавирустың жаңа штамы Omicron-ның пайда болуына байланысты 3 желтоқсаннан бастап Қазақстанда шектеу күшейтілетінін айтты.
Оның айтуынша, Omicron штамы Қазақстанда таралып кетпеуі үшін ведомствоаралық комиссияда биыл 3 желтоқсаннан бастап мынадай шектеу енгізу туралы шешім қабылданды.- Ботсвана, Лесото, Намибия, Зимбабве, Мозамбик, Мадагаскар, Эсватини, Малави, Онтүстік Африка, Танзания және Гонконгтан шетел азаматтарының Қазақстанға келуін шектеу.
- Omicron штамы анықталған Израиль, Чехия, Нидерланды, Бельгия, Ұлыбритания, Италия, Германия, Австралия, Канада және Египеттен келетін адамдар үшін вакцинациясы бар-жоғына қарамастан, міндетті ПТР тест талап ету.
- Omicron штамы анықталған елдерден келген адамдар ПТР нәтижесіне қарамастан, 7 күнге үй карантинге оқшаулануы тиіс.
Бұған дейін жаңа штамға байланысты Мысыр мен Қазақстан арасында әуе рейсі тоқтатылатынын хабарлаған болатынбыз.