Omicron штамы: Қазақстан Мысырға қатынайтын әуе рейстерін тоқтататын болды
Omicron штамы: Қазақстан Мысырға қатынайтын әуе рейстерін тоқтататын болды
Фото: ortcom.kz
185
оқылды

Үкімет отырысында Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов Қазақстан 3 желтоқсаннан бастап Мысырға қатынайтын әуе рейстерін тоқтататынын айтты.

«Бельгияда Мысырдан келген адамнан Omicron штамы анықталған. Сондықтан бізде де Мысырдан келетін жолаушылар санын ескере отырып, Мысырмен әуе қатынасы уақытша тоқтатылады», – деді ол.

Коронавирустың жаңа штамының қауіптілігі зерттеліп жатыр. Әлемде Omicron штамының таралуына байланысты Қазақстанда да 3 желтоқсаннан бастап шектеулер енгізілмек.