Алматы облысында «Сарыөзек-Көктал» жолы уақытша жабылды
Алматы облысында «Сарыөзек-Көктал» жолы уақытша жабылды
Фото: matritca.kz
421
оқылды

Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаменті күре жолды уақытша жапты. Себебі, бүгін сағат 12:00-ден 16:00-ге дейін жарылыс жүргізіледі.

Сондықтан автокөліктің барлық түрі үшін республикалық маңызы бар «Сарыөзек-Көктал» автожолы жабылды.
Департамент мамандары азаматтардан сапарды кейінге шегеріп, 112 қызметі жіберетін SMS хабарламаларға назар аударуды сұрайды.