СҚО-да синтетикалық есірткі өндірген қылмыскер 16 жылға сотталды
СҚО-да синтетикалық есірткі өндірген қылмыскер 16 жылға сотталды
137
оқылды
Солтүстік Қазақстан облысында есірткі өндіруші 16 жылға бас бостандығынан айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Солтүстік Қазақстан облысында синтетикалық есірткі өндірісі мен өткізуді ұйымдастырған қылмыстық топ мүшелеріне үкім шығарылды. Өндірістен бастап бөлшек саудаға дейінгі заңсыз есірткі бизнесінің толық циклын жолға қойған төрт петропавлдық сот алдында жауапқа тартылды. 35 жастағы қала тұрғыны Петропавл қаласында алдымен, жалдамалы гаражда есірткіні синтездеуге тырысқан қылмыстық топты ұйымдастырды. Кейіннен астыртын әрекет ету мақсатында өндірісті облыс орталығынан тыс жерге көшірді. Есірткіні тарату арналарын әзірлей отырып, ол немере ағаларын есірткіні таратуға тартқан. Бұл ретте ҰҚТ ұйымдастырушысы ешкімге сенбеген және психотроптық заттарды сатып алушылармен, оның ішінде таратушылармен тікелей байланысқа түспеген. https://www.youtube.com/watch?v=E3__XzBAdvI&feature=emb_imp_woyt