Қазақстанның бірқатар өңірінде ескерту жарияланды
Қазақстанның бірқатар өңірінде ескерту жарияланды
© sn.kz
220
оқылды
Ауа райының бұзылуына байланысты еліміздің бірқатар өңірінде ескерту жарияланды, – деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК. 1 желтоқсанда күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-батысында жаяу бұрқасын көтеріліп, көктайғақ болады. Оңтүстіктен жел соғады, облыстың солтүстік-батысында жел екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде және орталығында оңтүстік-шығыстан қатты жел соғады, екпіні 15-20 м/с шамасында. Ақмола облысында оңтүстік-батыстан және оңтүстіктен жел соғады. Облыстың солтүстік-батысында жел жылдамдығы 15-20 м/с-ке дейін күшейеді. Түнде Ақтөбе облысының батысында көктайғақ пен жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде және орталығында жел екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.