Ауа райының бұзылуына байланысты еліміздің бірқатар өңірінде ескерту жарияланды, – деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
1 желтоқсанда күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-батысында жаяу бұрқасын көтеріліп, көктайғақ болады. Оңтүстіктен жел соғады, облыстың солтүстік-батысында жел екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.
Күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде және орталығында оңтүстік-шығыстан қатты жел соғады, екпіні 15-20 м/с шамасында.
Ақмола облысында оңтүстік-батыстан және оңтүстіктен жел соғады. Облыстың солтүстік-батысында жел жылдамдығы 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.
Түнде Ақтөбе облысының батысында көктайғақ пен жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде және орталығында жел екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.