Орта салмақта IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) және WBA Super титулына ие Риота Мурата (16-2, 13 КО) жекпе-жегінің бюджеті белгілі болды, – деп жазады Sports.kz.
«Бұл жапон боксы тарихындағы жалпы бюджеті 15 миллиард иеннен (132 миллион доллар) асатын ең ірі жекпе-жек болмақ», – деп хабарлады жергілікті БАҚ.
Орта салмақтағы WBA Super, IBF және IBO титулдары үшін өтетін Головкин-Мурата айқасы Жапонияның Сайтама қаласында 29 желтоқсанға жоспарланған, бірақ оған үкімет 1 желтоқсаннан бастап енгізуді көздеп отырған шектеулер шетелдіктердің кіруіне кедергі болуы мүмкін.