Қазақстан Ұлттық банкі Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған номиналы 20 000 теңгелік мерейтойлық банкнотты айналымға шығарады. Бұл туралы Ұлттық банк хабарлады.
Мерейтойлық банкноттың дизайны бірегей технология бойынша дайындалды. Банкноттың тігінен орналасқан және номиналдың голографикалық бейнесін, Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған логотипті және Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың факсимилесін қамтыған металсыздандырылған жолақ әлемде алғаш рет қолданылды. [caption id="attachment_173372" align="aligncenter" > Фото: nationalbank.kz[/caption]Мерейтойлық банкноттың 27 қорғаныш элементі бар. Банкноттың дизайны айналыстағы ақша белгілерімен бірыңғай стильде жасалған: бет жағы негізінен тік бейнелерді, сыртқы жағы көлденең бейнелерді қамтиды. Банкнот басым түс – сұр түсте орындалған. Банкнот көлемі - 155х79мм.
Банкноттың бет жағы
Бет жағындағы негізгі бейнелер – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаев портретінің голографиялық бейнесі, Қазақстанның тәуелсіздігі мен мемлекеттілігінің нышаны ретінде «Қазақ Елі» монументі, «Мәңгілік Ел» салтанат қақпасы, қазақтардың дәстүрлі тұрғын үйі «Киіз үйді» безендіру желісі бойынша «Басқұр» – таспасындағы қазақтың ұлттық өрнегінің фрагменті.Банкноттың сыртқы жағы
Сыртқы бетіндегі негізгі бейнелер – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың портреті, Нұр-Сұлтан қаласының және Ақорда Президент резиденциясының панорамалық көрінісі, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекеуге арналған логотип бейнесі. Номиналы 20 000 теңгелік мерейтойлық банкнотты Қазақстанда төлемдердің барлық түрі бойынша нақты құны бойынша қабылдауға, банктік шоттарда аударуға, ұсақтауға және айырбастауға болады. [caption id="attachment_173371" align="alignnone" > Фото: nationalbank.kz[/caption]Елбасының портреті бар номиналы 10 000 теңгелік алғашқы мерейтойлық банкнот 2016 жылы шығарылды. Оны Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнаған еді. Қазіргі кезде Қазақстанда номиналы 200, 500, 1 000, 2 000, 5 000, 10 000 және 20 000 теңгелік банкноттар айналымда қолданылып жүр.