Желіде танымал болған әнші Дана кім?
Желіде танымал болған әнші Дана кім?
551
оқылды

Әлеуметтік желіде қазақ және шетелдік танымал әндерді нақышына келтіріп орындаған құрылысшы қыздың видеосы кеңінен тарады. Тіпті, ол видеоны "МузАРТ" тобының мүшесі, танымал қазақстандық әнші Сәкен Майғазиев те өзінің Instagram парақшасында бөліскен. Сөйтіп, Қызылорда облысының тумасы Дана Серікбайға хабарласып, өзі жайында білмек болдық.

27 жастағы Дана бала кезінен әнге жақын болған. Марқұм анасы қызының әнші болуын армандаған екен.

 – Әйтеуір, жайлауда жүріп ән айтатынмын. Сол кезде бар-жоғы бес жастамын. Содан өнер жолынан алыстаған емеспін. Мектеп кезінде түрлі байқауларға қатысып, жеңімпаз да атандым, –  дейді Дана Серікбай.

 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Әнші | Певица (@anwi_dana)

Көмекшісінің айтуынша, Дана Қызылордадағы оқу орнына түсіп, музыкалық білім алмақ болған. Алайда отбасының жағдайына байланысты соңғы курсын оқи алмаған. Сондықтан да қолына дипломы тимеген. "Ал онсыз еш жер жұмысқа алмайтыны белгілі. Оның үстіне пандемия басталып кетті. Міне, сол кезде тіршілік ету үшін құрылысқа кірген. Пәтерде евроремонт жасаумен айналысады", – дейді көмекшісі Гауһар.

 – Бар арманым  – әнші болу. Алла қаласа, оқуымды да жалғастыру ойда бар. Бірақ бәрі мүмкіндігімізге қарай уақыт көрсетеді,  – дейді әнші Дана.

Ал өзінің танымал болуын Дана кездейсоқтық деп есептейді. Құрылыста бірге жұмыс істеп жүрген құрбысы Жұлдыз оның ән айтып жүргенін видеоға түсіріп, парақшаға салып жіберген. Содан бастап, түрлі бағдарламаларға шақырту алуда. Құрылыстағы қыздың ән салып жүргенін өз парақшасында жариялаған Сәкен Майғазиев өзі хабарласпаған екен. "Сәкен ағамыздың парақшасында белгілеп, мені елеп-ескергеннің өзі үлкен құрмет", – дейді Дана.  
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Сәкен Майғазы | МузАРТ (@saken_maigaziyev)