Nur Otan алаңында министрлер мен Мәжіліс депутаттары желтоқсан айында азаматтарды қабылдайды
Nur Otan алаңында министрлер мен Мәжіліс депутаттары желтоқсан айында азаматтарды қабылдайды
186
оқылды
«Nur Otan» партиясы орталық мемлекеттік орган басшыларының және Мәжіліс депутаттарының желтоқсан айына арналған азаматтарды қабылдау кестесін жариялады. Ол карантиндік шектеулерді ескере отырып, Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесі алаңында онлайн-форматта өтеді, – деп хабарлайды партияның баспасөз қызметі.⠀ Сонымен, 7 желтоқсанда азаматтарды қабылдауды Мәжіліс депутаты, Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі Мейрамбек Төлепберген, 9 желтоқсанда – Мәжіліс депутаты, Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі Дүйсенбай Тұрғанов, 10 желтоқсанда – ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышев, 14 желтоқсанда – Мәжіліс депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Бекболат Тілеухан, 15 желтоқсанда – Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева, 21 желтоқсанда – Мәжіліс депутаты, Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі Асқарбек Үйсімбаев, 22 желтоқсанда – Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев пен Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, 23 желтоқсанда – Мәжіліс депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Ирина Унжакова, 24 желтоқсанда – Әділет вице-министрі Наталья Пан, 28 желтоқсанда – Мәжіліс депутаты, Экология мәселелері және табиғатты пайдалану комитетінің мүшесі Геннадий Шиповских, сондай-ақ, 31 желтоқсанда – ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов өткізеді. Кездесуге жазылу үшін:
  1. Call-орталық: 8 800 080 4441 (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін);
  2. WhatsApp: 8 700 800 4441;
  3. komek@nurotan.kz
Қабылдауға жазылу кездесу өткізілетін күнге дейін кемінде 3 күнтізбелік күн бұрын жүзеге асырылады. «Халыққа көмек» жобасы аясында республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінде заңгерлермен, адвокаттармен, медиаторлармен және нотариустармен тегін консультативтік онлайн-кездесулер ұйымдастырылды. Оларға да жоғарыда көрсетілген байланыс деректері бойынша жазылуға болады.