Алматыда жасөспірім қыз 12-қабаттан секіріп, суицид жасады
Алматыда жасөспірім қыз 12-қабаттан секіріп, суицид жасады
© azattyq-ruhy.kz
481
оқылды
Қыз қаладағы тұрғын үйлердің бірінде 12-қабаттың балконынан секіріп кеткен. Полицейлер мәйітті кіреберістің шатырынан тапты. Қайғылы оқиға сағат 16:00 шамасында Алмалы ауданында болған. Куәгерлердің айтуынша, олар қатты дыбыс естімеген, айқай болған жоқ.
«Аталған факті сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енді. Оқиғаға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы 1-тармағы (Өз-өзіне қол жұмсауға апару) бойынша іс қозғалды», – деді Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі.
Полицияның айтуынша, әзірге оқиғаның мән-жайы нақты белгісіз. Орын алған жағдайдың себептері анықталуда.