Демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Фото: astana.gov.kz
92
оқылды

«Қазгидромет» 4-6 желтоқсан күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады. Ертең Қазақстанның басым бөлігіне антициклон әсер етеді. Сондықтан жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Оңтүстік өңірлерге оңтүстік циклоны әсер етеді. Жаңбыр, құмды дауыл, жел соғады. 5-6 желтоқсанда солтүстік-батыс циклоны әсерінен ауа райы құбылмалы болады. Қар түрінде жауын-шашын болады, көктайғақ, тұман, елдің солтүстік жартысында бұрқасын болады. Батыста ауа температурасы түнде 5 градус аяз -3 градус жылы, күндіз 3 градус аяз -5 градус жылы болады. Солтүстік-батыста ауа температурасы аздап төмендейді, түнде 6 градус аяз - 3 градус жылыдан 3-11 градус аязға дейін, күндіз 0-8 градус аяз күтіледі. Солтүстікте температура төмендейді, түнде 5-13-тен 10-18 градус аязға, күндіз 2-10-нан 5-13 градус аяз.

Шығыс пен орталығында ауа температурасы ауытқиды - түнде 5-13-тен 10-20 градус аязға дейін, күндіз 0-10 градус аяз, елдің оңтүстігі, оңтүстік-шығысында түнде 2 градус аяз - 7 градус жылы, күндіз 2-12 градус жылы болады.