Білімге салынған инвестиция – ең тиімді әрі қайтарымы мол инвестиция екені белгілі. Сондықтан әр мемлекет білімді әрі саналы ұрпақ тәрбиелеу жолында аянып қалмайды. Бұл қатарда еліміз де бар.
Осы мақсатта ҚР Білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Бағдарламаның басты мақсаты – қазақстандық білім мен ғылымның жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыру; тұлғаны оқыту мен тәрбиелеу барысында жалпы адамзаттық құндылықтарға мән беру; ғылымның ел экономикасына қосатын үлесін ұлғайту. Осы межеге қол жеткізудың 5 басым бағыты мен 11 ауқымды жүктемесі нақтыланған.Курс спикері А.Чулембаева орта білім беру ұйымдарының ұстаздарына инклюзивті білім берудің қыр-сырын жеткізді. Әрбір баламен жеке жұмыс істеу, жеке жұмыс жоспарын құру, пән мұғалімдерінің балаға арақатынасы сынды тақырыптарда сөз қозғалды. Орта білім беру ұйымдарының ұстаздары толғандырған сұрақтарын қойып, қажетті жауаптарын алды. Курсқа қатысушыларға институт директоры Б.Айткаримов сертификат табыстады.