BMW көлігінің жүргізушісі автобус аялдамасын құлатты

BMW көлігінің жүргізушісі автобус аялдамасын құлатты

Ақтөбеде бүгін түнде BMW автокөлігінің жүргізушісі, 25 жастағы әйел әуежайдан Бөгенбай батыр даңғылымен келе жатып, №7 КДО-на қарама-қарсы жол ережесін бұзып, жол белгісін қағып, автобус аялдамасына кіріп кеткен.

Жол апаты салдарынан көлік жүргізушісі Ақтөбе қаласының Медициналық жедел жәрдем ауруханасына жатқызылды. Полицейлер жол қауіпсіздігі ережесін қатаң сақтауға шақырады.

Бұған дейін шенеунік жас жігітті қағып кеткені туралы жазған болатынбыз.