Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Жаңалықтар

Елордада аз қамтылған отбасыларға үйлерді газға көшіру кезінде 90 АЕК мөлшерінде ақшалай көмек бөлінеді

Қазір "Қазақауыл", "Ақбидай" шағын аудандарында, сондай-ақ қаланың Потанин көшесіндегі ескі бөлігінде газды іске қосу үшін іске қосу-жөндеу жұмыстары жалғасуда.

Рая Мінап Рая Мінап
Желтоқсан 3, 2021
Елордада аз қамтылған отбасыларға үйлерді газға көшіру кезінде 90 АЕК мөлшерінде ақшалай көмек бөлінеді 1
69
қаралым

Нұр-Сұлтандағы Алматы және Сарыарқа аудандары газдандырылды. Газ тарату желілері 9 тұрғын алаптарында жүргізілген. Тұңғыш Президент күні қарсаңында елорда әкімдігі «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-мен бірлесіп «Интернациональный», «Мичурино» «Күйгенжар» тұрғын үй алаптарына газ тарату желілерін жүргізді. Бұл туралы елорда әкімі Алтай Көлгінов ОКҚ алаңында өткен брифинг барысында айтты, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

«Газдандыру жобасы – Елбасының ауқымды жобасы. Қазіргі уақытта газ тарату желілері «Көктал-1», «Көктал-2», «Железнодорожный», «Промышленный», «Агроқалашық», «Оңтүстік-Шығыс», «Интернациональный», «Мичурино», «Күйгенжар» 9 тұрғын алаптарында жүргізілді. Ол үшін 650 км-ден астам газ тарату желілері салынды.

Қазіргі уақытта қалада 1,5 мыңнан астам отбасы газға көшті. Бұл дегеніміз, көптеген отбасылар үйлерін көмірмен жылытпайтын болады. Ал бұл орташа есеппен 20 мың тонна көмір. Бұл сөзсіз қала экологиясына жағымды әсер етеді. Тағы 4 мың 600-ден астам отбасы техникалық жағдайға ие болды», – деді Алтай Көлгінов.

Қазір «Қазақауыл», «Ақбидай» шағын аудандарында, сондай-ақ қаланың Потанин көшесіндегі ескі бөлігінде газды іске қосу үшін іске қосу-жөндеу жұмыстары жалғасуда.

«Көмірден газға көшудің көптеген артықшылықтары бар: тұрғындарға көмірді сатып алу, сақтау, сапасы туралы ойланудың және күніне бірнеше рет үйді жылыту үшін от жағудың қажеті жоқ, қаланың экологиясы жақсарады, бұл қалалықтарға жағымды әсер етеді. Газдандыру атмосфераға зиянды заттардың шығарылуын бірнеше есе азайтуға мүмкіндік береді», – деді елорда әкімі Алтай Көлгінов.

Қаланы газдандыру ел басшылығының бақылауында. Естеріңізге сала кетейік, газбен жабдықтаудың ішкі желілері дайын тұтынушылар «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ға өтінім беру қажет. Бұл ұйым газбен жабдықтаудың ішкі желілерін қауіпсіздікке және тікелей қосылуын тексерумен айналысады, сондай-ақ одан әрі пайдалануға жауап береді.

Газдандыру басталған сәттен бастап қала әкімдігі аз қамтылған отбасыларға үйлерді газға көшіру бойынша әлеуметтік көмек көрсету тетігін енгізді. Бұл санаттарға 90 АЕК мөлшерінде ақшалай көмек бөлінеді – бұл 260 мың теңгеден астам қаражат. Әлеуметтік көмектің осы түрін алуға өтінімді egov.kz порталы арқылы қалдыруға болады.

Бұдан басқа, ЖЭО-1 және ЖЭО-2 барлық су жылыту қазандықтары газға ауыстырылды, ЖЭО-3 бойынша жобаға түзету жүргізілді, құрылыс-монтаждау жұмыстары, оның ішінде су жылыту қазандығында да қалпына келтірілді.

Тегтер: газЕлордаЖаңалықтаркөмек

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Түркістан облысында көлік терезесінен шығып алған мектеп түлектері анықталды

11 өңірде ескерту жарияланды

Бір мыңнан астам онлайн несие қылмыстық жолмен алынған

Халықтың айтары қалыс қалмайды

Тоқаев Бішкекте Абай ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысты

Ресейден Қазақстанға 200-ден астам кәсіпкер келді: Тоқаев тапсырма берді

Президент Еуразиялық экономикалық форумға қатысты

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru

Liter.kz - новости Казахстана

Яндекс.Метрика
  • AMANAT
  • Жазылу
  • Байланыс
  • Редакция
  • Жарнама

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»