Жалғас Жұмағұловтың UFC-дегі төртінші жекпе-жегін қайдан көруге болады?
Жалғас Жұмағұловтың UFC-дегі төртінші жекпе-жегін қайдан көруге болады?
163
оқылды
Ертең, 5 желтоқсанда, ең жеңіл салмақтағы қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов (14-5) UFC-де төртінші жекпе-жегін өткізеді, – деп хабарлайды Vesti.kz сайты. Турнирде барлығы 14 жекпе-жек өтеді, ал Жалғас пен Манел кездесуі жетінші кезекте тұр. Алдын ала кард Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 06:00-де басталады, ал негізгісі – сағат 09:00-де. Жұмағұловтың жекпе-жегі шамамен сағат 08:20-да болады. Турнир UFC Fight Pass платформасында, сондай-ақ UFC TV-де көрсетіледі. Кештің басты жекпе-жегінде ең жеңіл салмақтағы Роб Фонт (19-4) және Жозе Алдо (30-7) кездеседі. Турнирдің маңыздылығы бойынша екінші кезеңінде Қазақстан тумасы Рафаэль Физиев (10-1) пен Брэд Ридделл (10-1) айқасады.