Ақмола облысында отшашу тиелген жүк көлігі өртеніп кетті
Ақмола облысында отшашу тиелген жүк көлігі өртеніп кетті
179
оқылды
Ақмола облысы аумағында «Нұр-Сұлтан-Көкшетау» тасжолында пиротехникалық отшашу тиелген жүк көлігі отқа оранды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, төтенше жағдай бүгін сағат 21:26 шамасында «Нұр-Сұлтан-Көкшетау» тасжолының 212 шақырымында орын алған.
«Анықталғандай, пиротехникалық отшашу тиелген «DAF» жүк көлігі өртенді. Өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамынан 10 адам және 3 арнайы техника жұмылдырылды. Өрт шығу себептері мен салдары анықталуда», - деді ведомстводан.
Өрттен жүк көлігінің тіркемесі толық жанып кетті.