Полиция автокөлік төбесіне адам отырғызып алып тасыған Mercedes-Benz Gelenvagen маркалы автомобильдің жүргізушісіне айыппұл салды.
« 2021 жылдың 30 қарашасында әлеуметтік желілерде ұялы телефонның камерасына түсірілген, заңға қарсы әрекеттер туралы жазба жарияланды. Тиісті тексерулер жүргіздік. «Mercedes-Benz» маркалы көлік құралының жүргізушісі анықталды. Ол – 1987 жылы туған Есполов Н.А.есімді азамат. ҚР Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодекстің 593-бабы 1-тармағы бойынша (Жолаушыларды тасымалдау қағидаларын сақтамау) жауапқа тартылды», - деп жазды Алматы Полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов Facebook парақшасында.