Бесқарағайлық ана үш баласын суық үйге тастап, өзі ішіп кеткен
Бесқарағайлық ана үш баласын суық үйге тастап, өзі ішіп кеткен
Сурет: altaynews.kz
214
оқылды

Тәртіп сақшылары «қолайсыз отбасы» санаты бойынша есепте тұрған отбасыларды тексеру барысында үйде қараусыз қалған 9, 7 және 3 жастағы кәмелетке толмаған балаларды анықтады, деп хабарлайды altaynews.kz басылымы.

Біраз уақыттан кейін балаларының өмірі мен денсаулығына қауіп төндіре отырып, пеші бірнеше күн бойы жағылмаған суық үйде тастап кеткен анасы, мас күйде үйге оралған. WhatsApp Image 2021-12-03 at 14.40.28.jpeg Полиция қызметкері бұл жағдайға бей-жай қалдырмай, кәмелетке толмаған екі баланы «Семей қаласының кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы» КММ-ге, ал ең кіші 3 жасар баланы Семей қаласының балалар үйіне орналастырды. Енді бірнеше рет өткізілген әңгімелер мен кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссияның шешімдерінен кейін тиісті қорытынды жасамаған жалғызбасты ананы ата-ана құқығынан айыру мәселесі шешілмек.