Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің аумағында дрон ұшыруға тыйым салынды
Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің аумағында дрон ұшыруға тыйым салынды
402
оқылды

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі баспасөз қызметінің хабарлауынша, кесене мен оның айналасында дрон аппараты арқылы фото, видеоны рұқсатсыз түсіруге тыйым салынды.

Бұл шешім халық көп шоғырланатын аймақтың қауіпсіздігі мен тарихи ескерткіштерді қорғау мақсатында жүзеге асып отыр. Пилотсыз ұшу аппаратын күзетілетін объектілердің үстінен ұшыру үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік органдарымен және Мемлекеттік күзет қызметімен кемінде 5 жұмыс күні бұрын мақұлдануы тиіс. Айта кетейік, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің қорғау аймағы 88,7 гектарды құрайды. Аталған аумаққа Қожа Ахмет Ясауи, Рәбия Сұлтан Бегім кесенелері мен сегіз қырлы сағана, жерасты қылуеті, жұма мешіті, Күлтөбе қалашығы және хан ордасы мен хан мешіті сынды тарихи объектілер кіреді. Қожа Ахмет Ясауи