Есірткіге қатысты 35 дәрігерді жауапқа тартты
Есірткіге қатысты 35 дәрігерді жауапқа тартты
Фото: dieta4all.ru
185
оқылды

Мақсат – есірткінің заңды айналымындағы заңбұзушылықты анықтау. Тексеру барысында осы заттарды өз қызметінде пайдаланатын 75 кәсіпорын мен ұйым тексерілді.

Бір аптада елімізде ҚК-нің 303-бабы (Есірткі, психотроптық немесе улы заттармен жұмыс істеу ережелерін бұзу) бойынша 12 қылмыс анықталды. Нұр-Сұлтан қаласында, Ақмола және Шығыс Қазақстан облысында құрамында есірткі бар препараттар айналымы ережелерін сақтамағаны үшін 3 медицина қызметкеріне қатысты қылмыстық істер қозғалды. 129 әкімшілік құқықбұзушылық тіркелді. Әкімшілік жауапкершілікке 129 адам тартылды, оның 32-сі медицина саласының қызметкері.