Қаржылық мониторинг агенттігі ойын бизнесін заңсыз ұйымдастыру деректерінің, сондай-ақ қылмыстық топтар қызметінің жолын кесті.
Мысалы, Ақтөбе облысында аумақтық департамент қызметкерлері құрамында 10 адам - А.Әбубәкіров, З.Әміржанов, А.Дүймұханова, А.Бекназаров, Т.Ізбағанбетов, Ж.Еспамбетов, А.Матаюпов, Қ.Сағынтаев, А.Таржанов, Р.Шаграев бар ұйымдасқан қылмыстық топты жойды.
ҰҚТ мүшелерінің рөлдері «бақылаушы-менеджерлер» (оператор-кассирлерді бақылау) және «ойын терминалдарының бақылаушы-менеджерлері» (ақша қаражатын инкассациялау) болып бөлінді.
Қылмыстық топ Ақтөбе облысының аумағында «Stavkabet.kz» букмекерлік кеңселері түрінде 16 заңсыз ойын мекемесі – электрондық казиноларды ұйымдастырған.
Барлық тәркіленіп алынған заттай дәлелдемелер мемлекет кірісіне айналдырылған.
ҰҚТ-ның барлық мүшелері әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды.
https://www.youtube.com/watch?v=4VuiJM-SKko