Алматы облысында қандастарға жалған құжат жасап сатқан азамат сотталды
Алматы облысында қандастарға жалған құжат жасап сатқан азамат сотталды
306
оқылды
Алматы облысының тұрғыны қандастарға артық төлем алуға құқық беретін құжаттарды қолдан жасаған, – деп хабарлады Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі. Агенттіктің Алматы облысы бойынша аумақтық департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында 1971 жылы туған азамат Исхан Ұланды анықтады. Ол Қытай Халық Республикасынан келген қандастарға жоғары әлеуметтік және зейнетақы төлемдерін алуға құқық беретін жалған еңбек кітапшаларын дайындаумен және сатумен айналысқан. Тексеру барысында ҚХР түрлі ұйымдарының мөртабандары мен мөрлерінің жалған баспа-таңбалары, нотариустың мөрі мен қолы бар нотариаттық бланкілері, кесуге арналған станок және оның көмегімен жасалған жалған құжаттар (еңбек кітапшалары, туу туралы куәліктер және неке қию туралы куәліктер), басқа да заттар табылды және тәркіленіп алынды. Исхан Ұлан сотталды.