Бірнеше өңірде қар жауып, тұман түседі
Бірнеше өңірде қар жауып, тұман түседі
218
оқылды
Синоптиктер ауа райына байланысты ескерту жариялады. 7 желтоқсанда Атырау облысының батысында, шығысында және орталығында тұман күтіледі. Ақтөбе облысының солтүстік жартысында көктайғақ, тұман болады Түнде 8 желтоқсанда Ақмола облысында ауа температурасының 20-28 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі. Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, шығысында тұман, көктайғақ болжанады. Қызылорда облысының орталығында, 8-9 желтоқсанда солтүстігінде тұман түседі Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ, жаяу бұрқасын, облыстың оңтүстігінде тұман болады Солтүстік Қазақстан облысында ауа температурасы 15-20 градус аязға дейін күрт төмендейді. Түнде 8 желтоқсанда Ақмола, Павлодар, түнде 9 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облыстарында ауа температурасының 20-28 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі. Нұр-Сұлтан қаласында 8 желтоқсанда ауа температурасының 25 градус аязға дейін күрт төмендейді.