7 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
7 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Фото: baigenews.kz
165
оқылды

«Қазгидрометтің» хабарлауынша, қар жауып, жаяу бұрқасын соғады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ болады.

Ақмола облысының оңтүстігі мен шығысында жаяу бұрқасын, батысы мен шығысында тұман, көктайғақ болады. Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында, түнде Ақтөбе облысының солтүстік жартысында тұман, көктайғақ күтіледі. Атырау облысының батысы, шығысы мен орталығында, Маңғыстау облысының басым бөлілігінде тұман күтіледі. Қостанай облысының солтүстігінде тұман, оңтүстігінде түнде бұрқасын, көктайғақ болады. Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында тұман, шығысында желдің 15-20 м/с күшеюі, түнде жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Павлодар облысының солтүстігінде тұман, көктайғақ, солтүстік-батысында желдің 18 м/с күшейеді. Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ, жаяу бұрқасын, оңтүстігінде тұман күтіледі. Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, солтүстік жартысында желдің 15-20 м/с күшейеді.

Қызылорда мен Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы аудандарында және тау бөктерінде тұман, күндіз оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында таулы аудандарында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.