Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Тәуелсіздік тағылымы» атты түйінді мақаласында «Дана бабаларымыз өзін ғана емес, адал ғұрпын, дархан көңілін, таза тілін, әсем әні мен қоңыр күйін, мәйекті мәдениеті мен бай әдебиетін қоса сақтап ұрпағына аманаттай білді» делінген.
Тәуелсіздік, рух азаттығы – жарық дүниеде адам заты үшін көк аспандай ешқашан аласармайтын ең асыл өзегі, құндылығы осы идея – тарихи қилы дәуірлерден шынығып шығып, өмірсүйгіштік қабілетін, кісілік қасиетін күшейтіп, ұлт болып ұйысқан соң өз болмысын таза сақтау; ғасырлар бойын жиған-терген рухани қастерлі қазынасын жоғалып алмау; жер бетіндегі философияның түп арқауы өзін-өзі танудың қадірін білу, өзін сүю арқылы Ұлы дала қазақ халқының жерұйық құт мекені болып қала беруге тиіс. Қазақстанды туған отаны санайтын әр адам мұнда өзін жат сезінбейді. Елін, жерін сүю, білімді қуатын нығайту өркендеу кепілі.Тәуелсіздіктің алғашқы 30 жылдығында осы бағытта «Әдеби мұра», оның тіке жалғасы «Рухани жаңғыру» және «Болашақ» мемлекеттік бағдарламалары жүзеге асты. Әркімнің өз таңдауы бар. Автор ретінде әдебиетке тиесілі бірнеше жобаға қатыстым. Мен үшін құнарлы шығармашылық кезеңі болды.