500 миллион теңге: «Халық» қайырымдылық қоры тегін азық-түлік таратады

500 миллион теңге: «Халық» қайырымдылық қоры тегін азық-түлік таратады

Еліміздің барлық өңірінде «Ел тірегі – Елбасы» қайырымдылық акциясы 2 желтоқсанда басталды.

Қазақстанның Тәуелсіздік күні мен Жаңа жыл қарсаңында «Халық» қайырымдылық қоры игі дәстүрді жалғастырып, «Ел тірегі – Елбасы» қайырымдылық акциясын бастады. Бұған дейін «Халық» қайырымдылық қоры Қамқоршылық кеңесінің шешімімен «Ел тірегі – Елбасы» әлеуметтік маңызды акциясы 2020-2021 жылдар аралығында бірнеше рет өткізілген. 2020 жылдың сәуірі мен 2021 жылдың шілдесі аралығында ондаған мың отбасына қажетті көмек көрсетілді. Жалпы салмағы 4 миллион кг-нан асатын 80 мыңнан астам азық-түлік себеттері таратылды. Тұрмысы төмен көпбалалы отбасыларға, сондай-ақ материалдық көмекке мұқтаж ерекше күтімді қажет ететін баласы бар отбасыларға ұдайы қолдау көрсетілді. Желтоқсанда Қазақстан бойынша 20 000 отбасы тағы да азық-түлік себетін, яғни жалпы сомасы 520 миллион теңгеге 1 миллион кг-нан астам қажетті азық-түлік алады. Әр отбасына салмағы 50 кг азық-түлік себеті беріледі. Ішінде күріш, қарақұмық, ұн, макарон, өсімдік майы, бұқтырылған ет, қант, шай мен жаңажылдық тәттілер бар.
«Шынында, мұқтаж жандарға қамқорлық көрсету өте маңызды. Көмектің арқасында өмірде қиындыққа тап болғандар да мерекелік көңіл күйді сезінеді», – дейді қор өкілі.
Акцияны ұйымдастырған «Халық» қайырымдылық қоры Тәуелсіздік күніне дейін барлық азық-түлік себетін жеткізуді жоспарлап отыр. Еріктілер азық-түлік себеттерін облыс әкімдіктері ұсынған тізім бойынша алушыларға жеткізуді қамтамасыз етеді. Қор өкілдері "мұқтаж жандармен жылулықпен бөлісу өте маңызды – көрсетілген көмектің арқасында қиын өмірлік жағдайға тап болғандар да мерекелік көңіл-күйді сезеді" деп бөліседі.
«Жаңа жыл қарсаңында біз бала кезімізден тілек тілеп, оның сөзсіз орындалуына сенеміз. "Халық" қайырымдылық қоры мен біздің еріктілердің басты тілегі – мұқтаж жандарға көмектесу, олардың өмірін сәл жеңілдету. Жақсы дәстүр бойынша біз азық-түлік жиынтықтарын отандастарымызға табыс етеміз және біздің көмегіміз пайдалы және уақтылы болатынына шын жүректен үміттенеміз. "Халық" қайырымдылық қоры серіктестер мен еріктілерге сезімталдығы, қызығушылығы мен жанашырлық қабілеті үшін алғыс білдіреді", – делінген "Халық" ҚҚ Қамқоршылық кеңесінің Төрайымы Динара Құлыбаеваның үндеуінде.

«Халық» Қайырымдылық Қоры бизнес-қауымдастықтар мен басқа да қайырымдылық ұйымдарының өкілдерін күш біріктіруге және «Ел тірегі – Елбасы» желтоқсан акциясын қолдауға шақырады.