Белгілі кәсіпкерлер мен компаниялар Халық Қайырымдылық Қорының «Ел тірегі – ЕЛБАСЫ» акциясын қолдады
Белгілі кәсіпкерлер мен компаниялар Халық Қайырымдылық Қорының «Ел тірегі – ЕЛБАСЫ» акциясын қолдады
152
оқылды

1 шілдеден бастап «Халық» Қайырымдылық қорының «Ел тірегі – ЕЛБАСЫ» акциясы жалғасын алды. Азық-түлік себеттері еліміздің барлық аймақтарында аз қамтылған, көпбалалы отбасыларға, сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар бала өсіріп отырған отбасыларға жеткізіледі.

Қазіргі заманда жақсылыққа орын бар ма? Бар екеніне бүгін біз, тағы да көз жеткіздік! «Ел тірегі – ЕЛБАСЫ» акциясын еліміздің танымал меценаттары: Қайрат Боранбаев – «Алмалы» холдингі, Диас Сулейменов, Кеңес Рақышев, «АЯЛА» Қайырымдылық қоры, «Eurasian Resourses Group» холдингі және «Казақмыс» корпорациясы қолдады. Қайырымдылық акциясы серіктестерінің бірлескен күш-жігерінің арқасында 6000-ға жуық азық-түлік себеттері жасалды. Жалпы, акция аясында 20 000 отбасына қолдау көрсетіледі: жалпы сомасы 500 миллион теңгеге 1 млн кг-нан астам азық-түлік әзірленді. Себеттерге ең қажетті: күріш, қарақұмық, ұн, макарон, өсімдік майы, бұқтырылған ет, қант, шай және кәмпиттер кірді. Әр отбасыға 50 килограм азық-түлік ұсынылды. Азық-түлік себеттерінің таратылуы еріктілердің күшімен жүзеге асырылады. Ел тірегі Елбасы «Біз Сіздерге шын жүректен ризашылығымызды білдіреміз және мейірімді жүрегіңіз үшін «Рақмет» айтамыз! Сіздердің үн қосқандарыңыздың арқасында мұқтаж отбасылар қажетті азық-түлік көмегін ала алады. Осылай біздің отандастарымыздың өмірін жақсы жаққа өзгерту мақсатында әрі қарай бірлесе жұмыс жасай берейік!» – деп хабарлады «Халық» ҚҚ Қамқоршылар кеңесінің Төрағасы Динара Құлыбаева. «Халық» Қайырымдылық Қоры «Ел тірегі – ЕЛБАСЫ» акциясын жыл бойы бірнеше рет өткізуді жоспарлап отыр. Кез-келген адам қайырымдылық жобасының қатысушысы бола алады. Біз бизнес өкілдері мен немқұрайлы емес қазақстандықтарды күш біріктіруге және Қор акциясына қосылуға шақырамыз. Сіздің қатысуыңыз бен ынтымақтастығыңыз ең мұқтаж отандастарымызға уақытылы көмек көрсетуге мүмкіндік береді!