Алматыда тағы бір әйел 5-қабаттан секіріп кетті
Алматыда тағы бір әйел 5-қабаттан секіріп кетті
© ratel.kz
199
оқылды
Алматыда тағы бір әйел көпқабатты тұрғын үйдің 5-қабатынан секіріп кетті. Қайғылы оқиға Жетісу ықшам ауданында болды, деп хабарлайды қалалық Полиция департаменті. 1995 жылы туған Т. есімді әйел тұрғын үйдің бесінші қабатынан секірген. Әйел тірі, қазір ол ауруханаға жатқызылды. Оқиғаның мән-жайын анықтау барысында әйелдің улану үшін дәрі-дәрмектер ішкені анықталды. Оның бұл жағдайға бару себебі ерлі-зайыптылар арасындағы ажырасу процесі болуы мүмкін.
«Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Аталған факті ҚР ҚК-ның 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді»,- делінген хабарламада.
Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы әйелдің жағдайы тұрақты ауыр екенін хабарлады. Бұған дейін Алматыда тағы бір қыз 12-қабаттан секіріп кеткенін жазған болатынбыз.