Ескі әуен ойнаса да, қазақ қыздары жаңа Әнұранды өздері орындап шықты – видео
Ескі әуен ойнаса да, қазақ қыздары жаңа Әнұранды өздері орындап шықты – видео
Фото: А.Ахметқазы

Гандболдан Испанияда өтіп жатқан Әлем чемпионатында Қазақстанның ескі Әнұраны орындалды. Бірақ Қазақстанның гандболдан қыздар құрамасы қазіргі Әнұранды («Менің Қазақстаным» сөзі: Ж.Нәжімеденов, Н.Назарбаев, Әні: Ш.Қалдаяқов – ред.) орындап шықты. Бұл туралы Sports.kz жазды.

Әлем чемпионатында Қазақстанның қыздар құрамасы жеңіске жетті. Бірақ салтанатты шарада Қазақстанның бұрынғы Әнұраны ойнатылды. Соған қарамастан, спортшы қыздар жаңа Әнұранды өздері айтып шықты. https://youtu.be/QpIkrzeX8cw   Айта кетейік, Қазақстан Иран командасын 31:25 есебінен жеңіп, келесі кезеңге өтті.

Бұған дейін де халықаралық жарыста үзілген Әнұранды жалғастырып айтып шыққан қыздар жөнінде жазған болатынбыз.