ЕКПА төрағасы «Болашақ» қорының қолдауымен ашылған инклюзивті білім беру кабинетін аралап көрді
ЕКПА төрағасы «Болашақ» қорының қолдауымен ашылған инклюзивті білім беру кабинетін аралап көрді
309
оқылды

«Болашақ» қоры 2015 жылдан бері «Әр бала мектепке лайық» жобасын жүзеге асырып келеді. Жоба аясында Нұр-Сұлтан қаласындағы №71 мектеп-лицейде инклюзияны қолдау кабинеті ашылды. Қазіргі таңда ол жерде аутизмге шалдыққан 12 бала білім алып жатыр. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласындағы №71 мектеп-лицейдің директоры Шынар Әубәкірова айтты.

Инклюзивті білім берудің мақсаты – ерекше күтімді қажет ететін балалардың да қатарынан қалмай білім алуына, қоғамға етене жақын араласуына жағдай жасау. Қазіргі таңда дені сау балаға білім беру де педагогтерге жан-жақтылықты талап етеді. Ал аутизмге шалдыққан балалармен жұмыс істеудің қиын екенін айтпаса да түсінікті.    width= Ерекше қолдауды қажет ететін балаларды оқыту барысында олардың көңіл күйінің аумалы-төкпелі болуы да, аяқасты өзгеріп сала беруі де педагогтерден табандылықты талап етеді. Сол себепті, аутизмге шалдыққан балаларды оқыту, оларға айрықша көңіл бөлу, оқыта отырып, денсаулығының түзелеуіне ықпал етудің маңызы зор. Оларға, ең әуелі, психологиялық тұрғыдан қолдау қажет.

Сондықтан 2015 жылдан бері «Болашақ» қоры «Әр бала мектепке лайық» жобасын жүзеге асырып келеді. Жоба аясында астанадағы №71 мектеп-лицейде инклюзияны қолдау кабинеті ашылды.  Қазіргі таңда ол жерде аутизмге шалдыққан 12 бала білім алады.

 width=
Жуырда  Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының Төрағасы Рик Демс Қазақстанға ресми сапары аясында «Болашақ» қоры ашқан инклюзивті білім беру кабинетін арнайы аралап көрді. Рик Демспен инклюзивті білім берудің қоғамда жаппай қолжетімді болуын қамтамасыз ету жайын талқыладық.
Егер ерекше күтімді қажет ететін балалар кішкентайынан дені сау қатарластарынан қалмай білім алса, денсаулығы оңалса, қоғамдық көзқарас та өзгереді. Сол себепті, инклюзивті білім беру аясын кеңейту – еліміздегі әлеуметтік саланың дамуының айғағы. Бұл ерекше күтімді қажет ететін балалар үшін ғана емес, олармен бір қоғамда өмір сүретін дені сау адамдардың да оларға деген көзқарасын өзгертеді, қарым-қатынасын жақсартады. Айта кетейік, «Болашақ» қорының қолдауымен «Әр бала мектепке ба­ру­­­ға лайықты» жобасы аясында аутизм­мен ауыратын және басқа да мен­талды ауытқушылығы бар 600 бала мектепке баруға мүмкін­дік алды, ал 20 бала жетектеп жү­­ру­­ді қажет етпей, сыныпта өз бе­тін­­ше білім ала алатын жағ­дай­ға жетті. Болашақтықтар 6 жыл ішінде 22 қалада 43 инклюзияны қолдау каби­нетін ашып, жабдықтады. Онда 284 педагог-ассистент жұмыс істейді. Олар дамуында ерекшелік бар 600 баланың білім алуына көмектеседі. инклюзивті білім беру

«Әр бала мектепке лайықты» жо­басы аясында балалардың 90%-ы сөйлеуді үйренді, ал даму ерекшеліктері бар 50 бала мектеп, қалалық, облыстық жарыстар мен олимпиадалардың жүлдегері атан­ды. 2000 маман мен ата-ана инклюзивті білім беру және мінез-құлықты қол­дан­балы талдау бойынша оқыды. Болашақтықтардың сараптамалық қолдауымен Нұрсұлтан Назарбаев қоры еліміздің 8 өңірінде тағы 16 ин­клю­зияны қолдау кабинетін ашты.