«Самұрық-Қазынаның» қомақты қаражатын жымқырып, букмекерлік кеңселерде ұтылып қалған азамат ұсталды
«Самұрық-Қазынаның» қомақты қаражатын жымқырып, букмекерлік кеңселерде ұтылып қалған азамат ұсталды
© gov.kz
289
оқылды
Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті «Kcell Solutions» ЖШС-нің бұрынғы қаржы директорына қатысты қылмыстық істі аяқтады. Жалған құжаттарды пайдалану арқылы жалпы соммасы 450 миллион теңге компанияның сенiп тапсырылған мүлкiн аса ірі көлемде жымқыру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру өндірісі жүргізілуде. Тергеу кезінде анықталғандай, компанияның бұрынғы қаржы директоры 2018 жылдың ақпан айы мен 2021 жылдың сәуір айы аралығында 258 миллион теңге қаражатты 5 компанияның есепшотына алдын ала түзілген жалған келісімшарттар мен бухгалтерлік құжаттар негізінде және өзінің айлық есепшотына негізсіз 192 миллион теңгені аударып, нәтижесінде қолма-қол ақшаға айналдырып жымқырған. Осылайша меншікке қарсы қылмыстық құқықбұзушылық жасап, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының құрамына кіретін «Қазақтелеком» АҚ-ға тиесілі «Кселл» АҚ-ға аса ірі мөлшерде залал келтірген. Күдікті азамат жымқырған ақшаны PariMatch және Олимп букмекерлік кеңселерінде ұтылған. Күдіктіге қатысты күзетте ұстау шарасы қолданылды. Тергеу амалдары жалғасуда.