ДДСҰ бас директоры Тедрос Гебрейесуспен Дәулет Тұрлыханов та құда болып шықты
ДДСҰ бас директоры Тедрос Гебрейесуспен Дәулет Тұрлыханов та құда болып шықты
©AP/Bilal Hussein/Тедрос Аданом Гебрейесус / Дәулет Тұрлыханов/facebook.com
329
оқылды
329
оқылды
Танымал ақын, айтыс жүргізушісі Жүрсін Ерман Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесуспен құда екені белгілі болды. Енді танымал ақынның жиенінің әкесі Дәулет Тұрлыханов екені анықталды, – деп хабарлайдыЭкспресс К.
Жүрсін Ерманның Ардақ деген кіші қызы грек-рим күресінен Сеул Олимпиадасының күміс жүлдегері Дәулет Тұрлыхановпен отау құрған. Олардың үлкен ұлы Ерасыл Болат – дзюдо күресінен спорт шебері. Республикалық және халықаралық жарыстардың жеңімпазы. Қарындасы Айдана Швейцарияда академия, Испанияда магистратура бітірген. Төрт жыл бұрын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Гебрейесустың баласымен отау құрған. Жақында ДДСҰ бас директорының әлеуметтік желіде құдасы Жүрсін Ерманды 70 жылдық мерейтойымен құттықтаған видеосы жарияланды. Ол әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Осыған байланысты Айдананың ағасы Ерасыл пікір білдірді.
«Біздің халық сынықтан сылтау іздеп отырады. Қуанышқа ортақтасуды білмейді. Менің туған қарындасым Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысына келін болып отыр. Бұл шынайы махаббат. Бұдан сенсация іздеудің қажеті жоқ», – дейді Ерасыл Болат.