Үкімет отырысында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев жекешелендіру жоспары бойынша 112 нысан сатылымға қойылғанын айтты, – деп хабарлайды inform.kz.
Министрдің хабарлауынша, мемлекет меншігінде болған 112 нысан сатылымға қойылды. Оның ішінде, 16 нысан қайта ұйымдастыруға және таратылуға жіберілді. Алдағы уақытта 348 нысанды сату керек.«Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарында 733 нысанды сату көзделген. Осы кезеңде сомасы 52 млрд теңгеге 197 нысан сатылды. Кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға берілді», – деді Ерұлан Жамаубаев.
Бұған дейін "Қазір жекешелендіретін уақыт па?" деп жазған болатынбыз.