Қазір жекешелендіру жүргізетін уақыт па?
Қазір жекешелендіру жүргізетін уақыт па?
210
оқылды
Бұл қадамның ел экономикасын да­мытуға серпін берері даусыз. Бірақ ол үшін жекеше­лен­дірудің сауатты әрі ашық жүргізілгені қажет-ақ. Себебі бү­­гін­гідей экономикалық дағдарыс кезеңінде мемлекеттік ак­тивтер бағасы төмендеп кетуі мүмкін. Мұндайда қайтпек ке­рек? Жалпы, қазір жекешелендіру жүргізетін уақыт па? Қаржы министрі Ерұлан Жа­маубаев жуырда ғана онлайн ре­жимде берген есеп беру кез­де­суін­де елімізде жоспар бойынша мем­лекеттік меншіктегі және ква­­зимемлекеттік сектордағы 863 ұйымның жекешелендірі­ле­тінін айтты. Бұл ұйымдар ішкі жал­пы өнімнің 16,2 пайызын құ­рай­ды. Егер осы компаниялар же­кешелендірілсе, ел экономи­ка­­­сындағы мемлекеттік үлес 15 пайызға қысқарады екен. Ал бұ­ған дейін 534,1 млрд теңгеге 503 нысан сатылыпты.  

Күткен нәтижеге жете алмауымыз мүмкін

Еліміздегі квазимемлекеттік ұйым­дардың басым бөлігінің ба­сын біріктірген «Самұрық-Қа­зы­на» ұлттық әл-ауқат қорының Ак­тив­терді басқару және жеке­ше­лендіру дирекциясының бас­шысы Алмасадам Сатқалиевтың де­регінше, қазіргі уақытта жеке­ше­лендіру жоспарына қордың ірі 9 активі мен шағын 21 активі қа­тысып жатыр. 2016 жылдан бе­рі қор 137 актив бойынша же­кешелендіруді аяқтады: 84 актив 172 млрд теңгеге сатылып, 53 ак­­тив жойылған немесе қайта құрыл­ған. Мұның барлығы Же­кешелендірудің 2016-2020 жыл­дарға арналған кешенді жоспары аясында жүзеге асып жатыр. А.Сатқалиев қор активтерін биыл же­кешелендірудің қаупі бар еке­нін айтып отыр. Себебі биылғы же­кешелендіру күткен нәтижеге қол жеткізбеуі мүмкін. «Үкіметке компанияларды же­кешелендіру бойынша берген ұсынысымыздың негізгі мәні са­­­паға баса мән беру. Яғни, дәл биыл­ғы жекешелендіру біз күт­кен нәтижеге қол жеткізбейді. Тіп­ті, бұл бағдарламаны іске асы­рудың белгілі бір қаупі де бар. Сол себепті индикативті мер­зім­дер­ді таңдап отырмыз», – дейді ол. Ең қызығы, егер жақсы ин­вес­тор табылып жатса, қор кей­бір компанияларды жос­пар­лан­ған мерзімінен бұрын сату­ға дайын. Мәселен, келесі жыл­дың же­кешелендіру жоспа­ры­на енген «Қазпоштаны» ин­вес­тор т­а­был­са, қор үшін тиімді ұсыныс жа­сал­са, жекешелендіре­міз деп отыр. Қор «Қазпоштаны» сату ке­­­зін­дегі стратегиялық бағыт-бағ­дарды ай­қындауға кеңесші ретінде ха­лық­аралық KPMJ компаниясын тартқан. Ол компания ІРО биз­не­сі­нің ауқымын ескере отырып, «Қа­з­поштаға» стратегиялық инвес­тор тартуға кеңес берген. Ол инвес­тор бизнестің салалық профиліне, логистикалық жұмысына инвес­ти­ция салуға кепілдік беруі тиіс. Сон­дай-ақ «Қазпоштаға» мемлекеттік бағ­дарламалар аясында жүктелетін Үкі­­мет міндеттемелерін толық орын­­дауы шарт. «Самұрық-Қа­зы­на» қорының басшылығы на­рық­-т­ың әлеуетті қатысушылар та­ра­пы­нан «Қазпоштаға» қызығуш­лық болуы мүмкін деп болжайды. Се­бебі әлгі халықаралық кеңесші компания қорға «Қазпошта» жеке­ше­лендірілетін кезде ІРО-ға қа­тысуы мүмкін компаниялардың ті­зі­мін ұсыныпты. Ол тізімде Ре­сей­ден де, басқа мемлекеттерден де ком­паниялар бар көрінеді. Енді со­лардың қайсысы тиімді ұсыныс жа­саса, «Қазпошта» солардың қан­жығасында кетпек.  

Тасымалдаушы компанияларды сатуға қимай отыр

«Қазпоштаны» сатуға асығып отырған қор Air Astana, Qazaq Air әуекомпаниялары мен «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясын қа­зір жекешелендіруге ниетті емес. Мұ­ны қор басшылығы жеке­ше­лен­діруге шығарылатын бірқатар ком­­паниялардың ІРО-сына қа­тыс­ты айтарлықтай қаупі болуымен тү­сіндіреді. Мысалы, аталған ком­паниялар баға жағынан да, көлемі жа­ғынан да Үкімет қойған па­ра­метр­лік базаларға жетпеуі мүмкін кө­рінеді. Сол себепті «Самұрық-Қа­зына» Үкіметке компаниялардың же­кешелендірілу мерзімін өзгерту ту­ралы ұсыныс жасапты. Сол ұсы­ныста келер жылы «Қазпошта» пен «Самұрық Энергоны» жеке­ше­лен­діру айтылған. Ал Air Astana мен Qazaq Air, сонымен бірге «Са­мұрық-Қазынаның» тау-кен ком­па­ниясын 2022 жылы, «Қазақстан темір жолын» 2023 жылы жеке­ше­лендіру ұсынылған. ІРО-сы кейінге ш­егерілген компаниялар арасында «Қаз­МұнайГаз» ұлттық компа­ния­сы бар. Үкімет қор ұсынысын ма­құл­даған сияқты. jekeshelendiryshi «Осы компанияның ІРО-сын кейінге шегеру туралы ұсыны­сы­мыз­ды қолдаған Үкіметке алғыс ай­та­мыз. Жалпы, «ҚазМұнайГазды» ІРО-ға дайындау жөнінде айтар­лық­тай жұмыс жүргізілді. Халық­ара­лық сарапшылармен ақылда­сып, Лондонда, АҚШ-та инвес­тор­лармен алдын ала кездесу өткіздік. Әйтсе де, мұнай мен газға инвести­ция салатын инвесторлар диви­дендтерге баса маңыз береді. Қазір ин­весторлар үшін басты тренд – қыс­қамерзімді бағаның макси­ми­зация­сы. Яғни, олар компанияның өз акционерлеріне жоғарылатылған дивидендті беруін күтеді» деген А.Сатқалиев мұнай бағасының бү­гін аса жоғары болмай тұрған ке­зеңінде бұл компанияға инвес­тор­лар тарапынан да қызығушылық аз екенін айтып қалды. Есесіне, «Қазатомөндіріс» ком­паниясының акцияларын сатып алуға ниетті қазақстандықтардың са­ны көбейіп тұр. Ол заңды да. Се­бе­бі «Қазатомөндіріс» әлемдегі уран индустриясының көшбас­шы­сы саналады. Алмасадам Сатқалиев бұл компания нарықтың қазіргі құбылуына қарамастан, кез келген акциясын сатылымда жақсы өткізе алатынына сенетінін жасырмады. Оның айтуынша, компанияға қа­тысты бір рет ІРО, екі рет SPO өт­кі­зілген. Осылайша, Лондон қор бир­жасында, «Астана» халық­ара­лық қаржы орталығында ком­па­ния­ның 25 пайызы сатылған. Сарапшылар «Қазато­мөнер­кәсіп» ұлттық компаниясының соң­ғы рет сатылған акцияларының 6,28 пайызын бірегей сатылым деп ба­ғалаған. Айта кетерлігі, 2019 жы­лы компания акциясын сатып алу­ға қазақстандықтардан 121 өті­нім кел­се, 2020 жылы 564 өтінім түс­кен. Яғ­ни, өзінің инвестициялық са­лы­мын банк депозиттеріне ғана емес, акцияларға да салғысы келе­тін қазақстандықтар көбейіп ке­леді.  

«Қазақтелекомды» неге қимады?

«Қазақтелеком» компания­сы­ның 10 пайыз акциясы «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-ға сатылған болатын. А.Сатқа­лиев­тің айтуынша, бұл шешімді Мем­ле­кеттік комиссия қабылдаған. «Бұл шешім не үшін қабыл­дан­ды? Қазіргі экономикалық жағ­дай­да біз телекоммуникация мен ІТ қызметтер нарығы ынталандыруға ие болып, қызмет аясы кеңейген са­лалардың біріне айналғанын кө­ріп отырмыз. Яғни, онлайн қыз­мет­тер көлемі артты, интернет-сер­вис­тер іске қосылып, бұл нарық ин­вес­торлар үшін тартымды салаға ай­налып келеді. Осы жағдай ерек­ше ескерілді», – дейді ол. «Қазақтелеком» мемлекет үшін стратегиялық актив болғанымен, ба­ғаланбай отырған актив. Сол се­беп­ті бұл активті мемлекет бақы­лауы­на қалдырып, халық үшін пай­да көбірек түсетіндей жұмыс жүр­гізу жоспарланып отыр екен. «Са­мұрық-Қазына» ұлттық әл-ау­қат қорының Үкіметке жолдаған ұсы­нысында «Қазақтелекомның» са­тып алушысы – Бірыңғай жи­нақ­таушы зейнетақы қоры болса де­ген өтініш жасалған. Үкімет те, Ұлт­тық банк та бұл ұсынысты қол­даған. Бізге жеткен ақпарат бойынша, қа­­­зіргі уақытта Ұлттық банк пен қор арасында келіссөздер жүріп жа­тыр. Баға индикаторы ретінде ак­цияның нарықтық белгіленімі ес­керіледі. Қор басшылығы бұл ке­лісім компаниядағы басқа ак­цио­нерлердің мүддесіне нұқсан кел­мейді деп сендіріп отыр. Себебі жаңа келісім акционерлер құры­лы­мын жақсартады әрі корпоративтік басқару жүйесін жетілдіреді деген үміт бар. Көріп отырғанымыздай, квази­мем­лекеттік сектордағы компа­ния­ларды қазіргі уақытта сатудың аса тиімді болмайтын түрі бар. Бір жа­ғы­нан, сатпаса тағы болмайды. Өйт­кені Мемлекет басшысы был­тырғы Жолдауында квази­мем­ле­кет­тік сектор жұмысының тиім­ділі­гін арттыруды тапсырды. Содан бе­рі Есеп комитетінің қор жұмы­сы­ның тиімділігіне көңілі толған емес.  Кеше Парламент Сенатының отырысына қатысқан Есеп ко­ми­тетінің басшысы Наталья Годунова мемлекеттік компаниялар респуб­ликалық бюджетті табыс көзіне ай­налдырып алғанын мәлімдеп, та­ғы да қорды сынға алды. Дәйегіне де­регі дайын екен, 2007-2019 жыл­дар аралығында холдингтерге ұлт­тық ресурстар есебінен 7,5 трлн теңге берілгенін айтып салды. Ең бас­тысы, холдингтердің бұл қара­жатты жалпыұлттық мақсатқа жұм­салғанына мониторинг жүргізіл­мейтінін де қадап айтты.  

халимаХалима БҰҚАРҚЫЗЫ