Астанада биыл 40 мың оқушыға арналған 15 мектеп салынды – Алтай Көлгінов
Астанада биыл 40 мың оқушыға арналған 15 мектеп салынды – Алтай Көлгінов
Фото: yandex.kz
222
оқылды

Нұр-Cұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов өзінің Instagram парақшасында қала тұрғындарының азаматтарды қабылдау кезінде қандай сұрақтар қоятынын айтып берді, – деп хабарлайды astana.gov.kz.

«Биыл әріптестерімізбен бірге 5 мың қала тұрғынын қабылдадық. Сұрақтардың бір бөлігін қабылдау барысында шешсек, қалғандарын назарымызға аламыз. Бүгін онлайн қабылдауда тағы 14 отбасы қабылданды. Проблемаларды шешуге жүйелі негізде қараймыз. Келіп түскен мәселелерді, қала тұрғындарының ұсыныстарын ескере отырып, елорданы дамыту жоспарына енгіземіз. Мәселен, негізінен әлеуметтік тұрғын үй, мектептер, медициналық орталықтар салу, аудандарды абаттандыру, газдандыру, ұзақ құрылыстарды аяқтау және т.б. мәселелер түседі.   [caption id="attachment_174588" align="aligncenter" width="1200"] width= Фото: astana.gov.kz[/caption]

Президенттің тапсырмасы бойынша әлеуметтік нысандар құрылысының көлемін жыл сайын арттыру бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз. Мәселен, биыл 10 мың әлеуметтік пәтер, 40 мың оқушы орнына арналған 15 мектеп, 200 аула және қоғамдық кеңістіктер (саябақтар, гүлзарлар, желекжолдар) салынды, «үй маңындағы дәрігер» нысандарын, дене шынықтыру-сауықтыру кешендерін аштық, 9 елді мекенде газ тарату желілері салынып, іске қосылды, құрылысы ұзаққа созылған 57 үй аяқталмақ және т.б.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында өзара байланысты нығайтуға әлеуметтік орталықтар көмектеседі. Олардың қатарында «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығы, тұрғын үй саласында қызмет көрсететін бірыңғай орталық, iQala орталығы, жастарға қызмет көрсету орталығы бар. Жалпы алғанда, тек биылдың өзінде аталған орталықтар қала тұрғындары тарапынан түскен 150 мыңға жуық өтінішті өңдеді. Елорданы «Нұр-Сұлтан – жайлы қала» мастер-жоспары аясында дамытып жатырмыз, оған сәйкес аудандарды орталықтандырып дамытудамыз. Бұл – әлеуметтік нысандар, аулалар/қоғамдық кеңістіктер және т.б. қадамдық қолжетімділікте орналасуы», – деп жазды Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов.