Шымкентте жалдамалы пәтерде 2 қыз көз жұмды. Қала әкімі Мұрат Әйтенов бұл оқиғаларға қатысты пікір білдірді.
«Өкінішке қарай, 2 қыз көз жұмған. Ата-анасына, туған-туыстарына көңіл айтамын. Бірінші жағдайға қатысты тергеу шаралары жүргізіліп жатыр, күдікті ұсталды.. Қалалық ПД тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр», - деді әкім брифингте.Әкімнің айтуынша, екінші қыздың қауіпсіздік шараларын сақтамаудан көз жұмғаны белгілі болды.
«Пәтерде өрт болған, ол улы газдан уланып қалған», - деді әкім.Бұған дейін Шымкентте екі қыздың жалдамалы пәтерден өлі күйінде табылғанын жазған болатынбыз.