Елбасы – еліміздің рухани тірегі
Елбасы – еліміздің рухани тірегі
160
оқылды
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіз­дік тағылымы» атты түйінді мақаласы – Кеңес Одағы құлаған кез­ден бастап, Қазақстанның қазіргі тәуелсіздік алған кезеңге дейін қиын-қыс­тау жағдайларға объек­тив­ті идеологиялық баға беруге бағытталған жұ­мыс. Баршамызға мәлім, бүгінгі әлемде та­рихқа деген әртүрлі көзқарас  пайда болғаны. Кейбір мемлекеттер өзін-өзі көтеру үшін тарихи фактілерді өзіне қаратады. Кей кезде болған оқиғаларды өз пайдасына бұрмалап, геосаяси мақсатына жаратып жатыр. Осы тұрғыдан алатын болсақ, Тұңғыш Президен­тіміз өзі араласқан, шынайы тарихи оқиғалар қандай болғанын, Қазақстанның тәуелсіздік жылдары күрделі мәселенің алдында тұр­ға­нын, қалай шешкенін, ол шешімдерді қа­был­дауын, негізгі ұлттық мүддемізді қалай қалып­тастырғанын баяндап, тиянақты жауап берген. Тағы бір мәселе, қандастар жайы. Қандаста­ры­мызды шетелдерден алдырып қана қоймай, басына – баспана, өзіне – жұмыс, ұрпағына білім берді. Әр қа­зағым – жалғызым деп, жер бетінде тарыдай ша­шыл­ған халықты жерімізге жинауға тырысқан Елба­сымыздың үміті белгілі. Енді бұл іс әлі де жалғасын та­ба береді деп сенеміз. Елді біріктіру – Елбасының ең басты ұста­нымы. Ол – идеясы халықтың көңілінен шығатын маңызды құндылық! Осы ұран арқылы Елбасы елдің рухын жандандырды! Аталмыш мақа­ласы алдында шыққан бірнеше туындының жалғасы деп білу керек. Оның ішінде «Елдіктің жеті тұ­ғыры», «Ұлы даланың жеті қыры» және «Рухани жаң­ғыру: болашаққа бағдар» сынды еңбектері бар. Осының бәрі халыққа ру­хани күш береді, оның ұлттық сана-сезімін оятады деп ойлаймын. Қазір бізде екі үлкен саяси тұлғаларымыз тарихта Қазақ хандығының іргетасын қалаған ұлы баба­ла­рымыз Керей мен Жәнібек секілді көшбасшыларымыз бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып отырған тәрізді. Бірі – біздің елімізді тәуелсіз жолына же­телеген Тұңғыш Президентіміз болса, екіншісі осы тура жолды сақтаушы, жалғастырушы қазіргі Пре­зидентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев. Қасым-Жомарт Кемелұлы елдің экономикалық, саяси, сыртқы және ішкі істерімен айналысса, оның ыстық-суығына түсіп жүрсе, Нұрсұлтан Әбішұлы – стратегиялық ба­ғыттарды қалыптастыра отырып, оның философиялық маңызын ашып, істелініп жатқан шараларға оң баға беріп, еліміздің рухани тірегіне айналды. Яғни, ол кісі баршамызға рухани басшы. Өзге мемлекеттерде де осыған ұқсайтын жүйелер қалыптасқан. Мысалы, Қытай елінде Дэн Сяо Пин биліктен кетсе де, рухани жағынан басшы болып және жаңа экономиканың негізін қалаған архитекторы атына ие болды. Иранда да Президентімен қатар рухани билік өкілінің беделі мықты. Елдің тұрақтылығына қосатын үлесі мол жүйе қалыптасқан. Осы жағынан алып қарайтын болсақ, жалпы бұл Шығыс саяси мәдениетіне сай қалыптасқан дәстүр деуге болады.

Айдар АМРЕБАЕВ, Саяси зерттеу орталығының директорыы