«Nur Otan» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы жанындағы аграрлық секторды дамыту бойынша өңірлік Қоғамдық кеңестің онлайн форматта отырысы өтті. Отырыстың күн тәртібінде салаға қатысты негізгі төрт сұрақ қаралды. Бірінші, «Nur Otan» партиясының Шығыс Қазақстан облысы бойынша сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасының 1.2-тармақтарының орындалу барысы туралы. Екінші, биылғы жылы асылтұқымды мал шаруашылығын субсидиялау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы. Үшінші, Шығыс Қазақстан облысының мал шаруашылығына субсидия алу алгоритмі және оларды ауыл шаруашылығы бөлімшелеріне беру, атап айтқанда мемлекеттік инстанциялар бойынша өту алгоритмі. Төртінші, ауыл шаруашылығы бөлімшелері үшін инвестициялық субсидиялар сомасын қалыптастыру және қаржы қаражаты тапшылығының пайда болу себептері. Осы жоғарыдағы төрт мәселе бойынша облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Владимир Гайламазянның ақпары тыңдалды. Отырыс соңында кеңес мүшелері өз пікірін білдіріп, ұсыныс жасады.