Қайрат жекпе-жекке дайындығы туралы айтты
Қайрат жекпе-жекке дайындығы туралы айтты
161
оқылды
Қазақстандық ONE FC файтері Қайрат Ахметов «Король» лақап атымен танылған филиппиндік Дэнни Кингадпен айқас алдында қарсыласы туралы пікір білдірді.
«Кездесуге 100 пайыз дайынмын. Жекпе-жекте қолымнан келгенше шоу жасауға тырысамын. Жанкүйер­лер өте тартысты айқасқа куә болады», – деді Ахметов ONE Championship ұйымының басылымына берген сұхбатында.
Айта кетейік, Қайрат Ахметов пен Дэнни Кингад арасындағы жекпе-жек 17 желтоқсанға жоспарланған және Сингапурдағы One Championship турнирі аясында өтеді.

Арайлым РЫСҚҰЛ