Бейжің Олимпиадасына бойкот жариялады
Бейжің Олимпиадасына бойкот жариялады
160
оқылды
Ұлыбритания мен Канада Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарына ресми өкілдерін жібермейтін болды. Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон Қытайдағы адам құқықтарының бұзылуына байланысты іс-шараға ешбір министр немесе басқа шенеунік қа­тыс­пайтынын айтты. Канада да сол күні Ұлыбританияның ізін ала Қы­тайдағы қысқы Олимпиада ойын­дарына дипломатиялық бойкот жариялады. «Канада Қытайдағы адам құ­қықтарының бұзылуы туралы ха­барларға қатты алаңдаулы. Біз Бейжіңдегі қысқы Олимпиада және Паралимпиада ойындарына дипломатиялық өкілдер жібермейміз», – деп жазды премьер-министр Джастин Трюдо Twitter парақ­шасында. Канада Бейжің Олимпиадасына бойкот жариялаған төртінші ел болды. Бұған дейін АҚШ, Аустралия және Жаңа Зеландия да дипломаттарын ойындарға жібермеу туралы шешім қабылдаған болатын. Ендігі кезекте Жапония да дип­ломатиялық бойкот жариялау мүм­кін екені айтылып жатыр. Ал Ха­лықаралық Олимпиада коми­тетінің (ХОК) президенті Томас Бах саяси бойкоттардың көбеюіне қарамастан, спортшы­лардың Олим­пиадаға қатысатынын айтты. Еске салайық, 2022 жылғы Бей­жіңдегі қысқы Олимпиада 4-20 ақ­­пан аралығында, ал қысқы Паралимпиада 4-13 наурыз ара­лығында өтеді.

А.ЖАСАНҰЛЫ