Ұлттық құрама Қысқы Олимпиада ойындарына 38 лицензия жеңіп алды
Ұлттық құрама Қысқы Олимпиада ойындарына 38 лицензия жеңіп алды
Фото: m.thanhnien.vn

Бұл туралы Ұлттық олимпиада комитеті Спорт дирекциясының басшысы Елсияр Қанағатов хабарлады.

Оның айтуынша, қысқы спорт түрлерінен жүлде алу қиын. Себебі, ұлттық құрамада резерв жоқ. Бейжіңдегі Қысқы Олимпиада келер жылы 4 ақпанда басталады. Оған әлемнің 90-нан астам елінен спортшы қатысады.

Биыл Қазақстан спортшылары жазғы Токио Олимпиадада бірде-бір алтын медаль алған жоқ. Президент Токио Олимпиадасынан сабақ алуымыз керек деген болатын.