2022 жылға арналған жеткіліктілік шегін көтермеу туралы қаулы жобасы жарияланды
2022 жылға арналған жеткіліктілік шегін көтермеу туралы қаулы жобасы жарияланды
© almaty.tv
479
оқылды
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2022 жылға арналған зейнетақы жинақтарының жеткіліктілік шегін көтермеу туралы Үкімет қаулысының жобасын дайындады. Құжат жобасы қоғамдық талқылау үшін "Ашық НҚА" порталында жарияланды.  Жарияланған құжатқа сәйкес, осы қаулы қоса беріліп отырған өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағының 2021 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілетін он бірінші абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
"Зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткілікті шегін айқындау әдістемесіне сәйкес есептелген 2021 жылға арналған зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткілікті шегі 2022 жылғы 1 сәуірге дейін қолданылады деп белгіленсін", – делінген құжатта.
Құжатты қоғамдық талқылау 27 желтоқсанға дейін жалғасады.