Қазақстандық жас теннисші Норвегияда өткен турнирдің жеңімпазы атанды
Қазақстандық жас теннисші Норвегияда өткен турнирдің жеңімпазы атанды
Фото: ktf.kz
184
оқылды
Қазақстандық Заңғар Нұрланұлы жекелей сында Норвегия астанасы Ослода 14 жасқа дейінгілер арасында үшінші санаттағы Tennis Europe турнирінің жеңімпазы атанды. Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, Заңғар жұптық сында да табысты өнер көрсетіп, финалға дейін жетті. З.Нұрланұлы жекелей сында 2 сағат 40 минутта созылған соңғы бәсекеде франциялық Лене Кутюрьені 4:6, 6:0, 6:3 есебімен жеңді. Қазақстандық теннисші жартылай финалда жарыстың 1-ракеткасы, Францияның 14 жасқа дейінгілер арасындағы үздік ойыншысы Лене Петитаны 7:5, 7:6 есебімен жеңді. Бұл ойын да тартысты өтіп, 2 сағат 18 минутқа созылды. Осылайша Заңғар Нұрланұлы биыл Tennis Europe сериясындағы үш жарыстың чемпионы атанып, тағы екеуінде финалға дейін жетті.