Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында әлеуметтік маңызы бар мамандық өкілдерінің құрметіне концерт ұйымдастырылып, оларға "Алтын жүректі жандар" мүсіншелері табыс етілді.
Олардың қатарында медицина қызметкерлері, педагогтер, ТЖД, Полиция департаментінің қызметкерлері, коммуналдық қызметкерлер, еріктілер, журналистер бар.
Мысалы, марапатталғандар арасында жедел жәрдем жүргізушісі Еркін Көксеген бар. Ол пандемия кезінде мыңнан астам науқасқа көмектесті; Марина Макиенко - "қызыл” аймақта алғашқылардың бірі болып жұмыс істеген, Ернұр Маратұлы - тәжірибелі анестезиолог-реаниматолог, медицина саласында 25 жылдан астам уақыт жұмыс істеп келеді.
Асан Балтабаев әйелді балаларымен бірге оттан құтқарды, ал Алмаз Құлтанов суға батып бара жатқан әйелді құтқарды.
“Күн сайын біздің қалалықтардың өміріне араша түсетін құтқарушылар/өрт сөндірушілердің; пандемия кезінде балаларымызды қашықтан оқытып, материалды меңгеруге, балалар үшін маңызды емтихандарға дайындалуға көмектескен мұғалімдердің; бетперде, дәрі-дәрмек таратқан еріктілердің еңбегі атап өтілді. Әлеуметтік маңызы бар мамандық иесінің әрбірі – батыр. Еңбектеріңіз бен кәсіби шеберліктеріңіз үшін алғыс айтамын! Біз өз тарапымыздан қолайлы жұмыс істеу үшін жағдай жасау: тұрғын үй мәселесі, жалақыны арттыру, материалдық-техникалық базаны жаңарту және т. б. бойынша жұмысты жалғастырамыз”, – деп жазды Алтай Көлгінов.