Алматыда көпқабатты үйдегі өрттен 200-ге жуық тұрғын эвакуацияланған
Алматыда көпқабатты үйдегі өрттен 200-ге жуық тұрғын эвакуацияланған
214
оқылды
Алматы қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, Брусиловский көшесінде орналасқан «Алтын бұлақ-2» тұрғын үй кешенінің 18 қабатты үйінен қою түтін шыққаны туралы хабар түнгі сағат он екілер шамасында түскен. «Алтын бұлақ-2» тұрғын үй кешенінің тұрғындарын құтқаруға және өрттің салдарын жоюға 35 полиция қызметкері қатысқан.
"Ең алдымен, осы үйдің 177 тұрғыны эвакуацияланды. 27 адам құтқарылды, оның алтауы – балалар. “Жедел жәрдем” бригадалары жану өнімдерінен уланған 2020 және 2021 жылы туған үш сәби шұғыл түрде №1 қалалық клиникалық балалар ауруханасына жеткізілді", – деп хабарлады  Алматы қалалық полиция департаменті.