Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы
Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы
122
оқылды
Синоптиктер бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жасады. Ел аумағында кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейіп, көктайғақ болады деп күтіледі, еліміздің солтүстік-батысында, шығысында, орталығында бұрқасын болады. Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы аймақтарда, тау бөктеріндегі аудандарда тұман түсіп, көктайғақ болады, облыстың солтүстігінде жел екпіні 15-20 м/с-ке күшейеді. Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы аумағында, тау бөктері аудандарында тұман түсіп, көктайғақ болады, облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарыда жел екпіні 15-20 м/с-ке күшейеді. Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде бұрқасын, тұман түседі, облыстың оңтүстік-батысында жел екпіні 15-20 м/с-ке күшейеді. Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде тұман түсіп, көктайғақ болады, облыстың солтүстігінде жел екпіні 15-20 м/с. Қостанай облысының оңтүстігінде боран соғады, облыстың солтүстігінде тұман түседі, түнде облыстың оңтүстігінде соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Күндіз Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында 18 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ақтөбе облысының солтүстігінде тұман түседі, облыстың оңтүстік-шығысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке жетеді. Алматы облысында Алакөл көлдерінің маңында жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен ұйытқиды.